Жарылғыш зат туралы жалған ақпараттың салдарынан полиция поездағы 480 жолаушыны басқа жаққа көшірді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жарылғыш зат туралы жалған ақпараттың салдарынан полиция поездағы 480 жолаушыны басқа жаққа көшірді

Жарылғыш зат туралы жалған ақпараттың салдарынан полиция поездағы 480 жолаушыны басқа жаққа көшірді

Жарылғыш зат туралы жалған ақпараттың салдарынан полиция Өскемен-Серебрянск бағытындағы поезбен келе жатқан 480 жолаушыны басқа жаққа көшірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Маусым 2005
  • 481
Фото - Caravan.kz

Полицияның ақпаратына сәйкес, 23-маусымда 8 сағат 45 минутта Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің шұғыл басқару орталығына Защита (Өскемен) — Серебрянск (Серебрянск) бағытындағы поездың соңғы вагонына жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Защита бекетіне келіп жеткен желілік ішкі істер басқармасы, төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі мен ҰҚК қызметкерлері жолаушылар мен жолсеріктерді поездан шығарды. Тексеру нәтижесінде бес вагонды поездан жарылғыш зат табылған жоқ. Отарба сөйтіп жол бойында 1 сағат 25 минут кідірді.

Перейти к новостям спорта