Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Ұлы отан соғысының батырлары Аллеясының ашылуына қатысып, «Алтай» техносаябағын аралап, онда кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің «Атамекен» одағының өкілдерімен кездеседі.
Н.Назарбаев «Қазмырыш» АҚ және «Азия Авто» автоқұрастыру зауыты сынды қаладағы ірі кәсіпорындарда болады.
Кешкісін Қазақстан және Беларусь құрамаларының хоккейден достық сайысы өткізіледі. Оған Н.Назарбаев құрметті қонақ ретінде қатысады деп күтілуде.
Бұдан кейін Елбасы Өскеменнің орталық алаңында өтетін мектеп түлектеріне арналған балға қатысады. «Туған өңірге арнау» атты бұл шара аясында 4 мың қатысушысы бар театрландырылған қойылым ұйымдастыралы.
Елбасының Шығыс Қазақстан облысына сапары кешкісін аяқталады.