Шымкенттегі шина зауыты жұмыс істей бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттегі шина зауыты жұмыс істей бастады

Шымкенттегі шина зауыты жұмыс істей бастады

Шымкенттегі шина зауыты жұмыс істей бастады. Ол Орталық Азия аймағындағы осындай өнім өндіретін бірден-бір зауыт болып саналады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Интеркомшина" АҚ-ның атқарушы директоры Әлібек Төлемісов хабарлады.

  • 27 Маусым 2005
  • 1303
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазір зауытта доңғалақ өндіретін негізгі конвейер іске қосылып, өнім түрлері дәйектелуде.

«Интеркомшина» АҚ жүк автокөліктеріне арнап 11, жеңіл автокөліктерге арнап 13, ауылшаруашылығы техникасына арнап 7, «БелАЗ» сынды ірі автокөліктерге арнап 2 түрлі доңғалақ үлгілерін шығармақшы. Маусым айында 42 мың доңғалақ өндіріледі.
Ә.Төлемісовтың айтуынша, қазір зауыт басшылығы Ресей, Чехия, Түркия және Қытайлық кәсіпорындармен шикізат сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
Зауыт өнімдері Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде сатылады деп межеленген.
Бүгінде кәсіпорында 2,5 мың адам жұмыс істеуде. Ал зауыттың толық қуаты іске қосылған кезде жұмысшылар саны 3-3,5 мыңға дейін артады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, доңғалақ өндіретін зауыттың құрылысы 1975-жылы басталып, алғашқы өнімі 1980-жылы шығарылды. 1991-жылы 3 млн. дана доңғалақ шығарылып, ең жоғары көрсеткішке саналды. Алайда 90-шы жылдардың орта шенінде зауыт жұмысы тоқтап қалды. Зауытты іске қосуға бірнеше талпыныс жасалғанымен, шикізат тапшылығы мен өнім өтпеуге байланысты 3-4 айдан кейін қайтадан жабылып қала берген. 2004-жылдың қыркүйек айында зауытты Алматының «Ордабасы» корпорациясы сатып алды. Корпорация басшылығы зауыттың бюджет пен кредиторлар алдындағы 8 млн. теңгенің берешегін өтеуге шешім шығарған. Қазір кәсіпорын өнім өндірудің ұзақ мерзімді бағдарламасын қабылдап жұмыс істеуде.

Перейти к новостям спорта