Ислам Даму банкі сауда және қаржы жөніндегі халықаралық ислам корпорациясын құру туралы резолюцияны мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам Даму банкі сауда және қаржы жөніндегі халықаралық ислам корпорациясын құру туралы резолюцияны мақұлдады

Ислам Даму банкі сауда және қаржы жөніндегі халықаралық ислам корпорациясын құру туралы резолюцияны мақұлдады

Ислам Даму банкі басқармаларының кеңесі сауда және қаржы жөніндегі халықаралық ислам корпорациясын құру туралы резолюцияны мақұлдады. Корпорация 3,5 млрд. доллар көлеміндегі қаржыға иелік етпек. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Маусым 2005
  • 1072
Фото - Caravan.kz

Осындай шешім Ислам Даму банкі басқармаларының кеңесінің Малайзияда өткен жыл сайынғы 30-шы отырысында қабылданды.

Қазақстан атынан бұл бас қосуға ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Асқар Баталов пен ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Болат Сұлтанов қатысты.
Отырыста Ислам конференциясы ұйымына мүше-елдерде кедейлікті жою, бұл елдерді әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту, мүше-елдер арасындағы сауда-саттық аясын қазіргі 12 проценттен 2020-жылы 20-30%-ке жеткізу мәселелері талқыланды.
Қазақстандық өкілдер мен банк президентінің кездесуінде тараптар Қазақстан мен Ислам Даму банкі арасындағы ынтымақтастық барысына қарағаттанғандық танытып, оның аясын кеңейту төңірегінде пікір алмасты.
Бас қосуға қатысушылар банктің 2004 жылғы және 2005-жылдың алғашқы жартысындағы жұмыс қорытындысын бекітті. Басқарушылар кеңесі Ислам Даму банкінің президенті лауазымында доктор Ахмед Мұхамед Әлиді тағы бес жылға бір дауыстан сайлады.
Ислам Даму банкі басқармалары кеңесінің шешімімен келесі жылғы отырыс 2006-жылдың 30-31-мамырында Кувейтте өтетін болды.

Перейти к новостям спорта