И.Рогов осы орайда «Негізгі заң қағидаларын жүзеге асыру талаптарына сәйкес үкімет пен жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдары республика азаматтарына мемлекеттік тілді еркін әрі тең меңгеру үшін қажетті материалдық жағдайлардың бәрін жасауға міндетті» екенін еске салды. «Алайда мемлекеттік мекемелер Ата заңның бұл талаптарын тиісті деңгейде орындамай отыр»,- деді ол. Конституциялық кеңес төрағасының пікірінше, «адамның құқығы мен бостандығына қатысы бар кейбір кодекс түріндегі нормативтік-құқықтық актілерде заң нормаларын екіұдай түсіндіруге алып келетін қателіктер, кейде тіпті қазақ және орыс тіліндегі мәтіндер бір-біріне көпе-көрнеу қайшы келетін жайттар жиі кездеседі». «Ал Конституциялық кеңестің 1999-жылғы 29-қазандағы қаулысына сәйкес нормативтік-құқықтық актілердің орыс және қазақ тіліндегі мәтіндегі бір-біріне толыққанды сәйкесуге тиіс. Бұл талапты орындамау — Конституциялық заңдылықты өрескел бұзу болып табылады»,- деді И.Рогов.