Парламент 2004-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебін бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент 2004-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебін бекітті

Парламент 2004-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебін бекітті

Бүгін, 27-маусымда өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар 2004-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебін бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Маусым 2005
  • 372
Фото - Caravan.kz

Бұл шешім үшін сенаттың 31, мәжілістің 62 депутаты дауыс берді. Мәжілістің екі депутаты қарсы шықты.

Сонымен бірге парламент республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің баяндамасын бекітті. Бұл шешім үшін сенаттың 31, мәжілістің 62 депутаты дауыс берді. Мәжілістің бір депутаты қарсы шықты.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылы жалпы түсім мөлшері 978,4 млрд. теңге болып, жоспардың 104,7 процентін құрады. 2004-жылы республикалық бюджет шығындары 995,6 млрд. теңгеге орындалып, жоспардың 96,9 процентін құрады.
Бюджет тапшылығы Жалпы Ішкі Өнімнің 0,3 проценті немесе 17,3 млрд. теңгені құрады.

Перейти к новостям спорта