Дүниежүзілік қауымдастықтың қысымына қарамастан, Қырғызстан Өзбекстанмен арадағы қарым-қытынасқа сызат түсіргісі келмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік қауымдастықтың қысымына қарамастан, Қырғызстан Өзбекстанмен арадағы қарым-қытынасқа сызат түсіргісі келмейді

Дүниежүзілік қауымдастықтың қысымына қарамастан, Қырғызстан Өзбекстанмен арадағы қарым-қытынасқа сызат түсіргісі келмейді

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі әлемнің 122 елінен Қырғызстан аумағына бас сауғалап келген Өзбекстан азаматтарын кері қайтарып бермеу туралы 135 хат алды. Бұл туралы Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Роза Отунбаева мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Маусым 2005
  • 534
Фото - Caravan.kz

Осы орайда Р.Отунбаева 29 адамды кері қайтарып беруді талап етіп отырған Өзбекстанмен арадағы қарым-қытынасқа Қырғызстан сызат түсіргісі келмейді деп мәлімдеді.

Қырғызстан қазір «екі оттың ортасында қалды» , дейді Р.Отунбаева. «Біз аймақта тұрақсыздық тудырмайтындай қадамдар жасағымыз келеді»,- деді ол.
Қазір Қырғызстан халықаралық сарапшылармен бірге ресми Ташкент Әндіжандағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыптаған өзбек азаматтарынан жауап алуға кірісті. Р.Отунбаеваның айтуынша, Оштың тергеу изоляторында отырған 29 адамның 12-сі сұрақтарға жауап берді.
«Өзбекстан жағы оларды қылмыскер деп санайды. Алайда әзірге Өзбекстан азаматтары Қырғызстаннан саяси баспана сұрап отыр»,- деді ол.
Қырғызстан сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы сондай-ақ уақытша лагерьде тұрып жатқан өзбек азаматтарымен де жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бүгінде 126 адам сауалнамаға жауап берді. Р.Отунбаеваның айтуынша, 30-дай заңгерлер мен тәржімашылардың қатысуымен күн сайын 2-3 адам сұхбаттан өтуде.
Өзбекстан азаматтарына саяси баспана беру мәселесі жоғарыдағыдай идентификациялық процедуралар аяқталған соң барып шешіледі, деді Қырғызстаннның уақытша сыртқы істер министрі.

Перейти к новостям спорта