Компания активтері сатылуы мүмкін деген ақпараттан кейін Нью-Йорк биржасында PetroKazakhstan компаниясы акцияларының құны 17,35 процентке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Компания активтері сатылуы мүмкін деген ақпараттан кейін Нью-Йорк биржасында PetroKazakhstan компаниясы акцияларының құны 17,35 процентке өсті

Компания активтері сатылуы мүмкін деген ақпараттан кейін Нью-Йорк биржасында PetroKazakhstan компаниясы акцияларының құны 17,35 процентке өсті

Компания активтері сатылуы мүмкін деген ақпараттан кейін 27-маусым, дүйсенбіде Нью-Йорк қор биржасында Канаданың PetroKazakhstan компаниясы акцияларының құны 17,35 процентке (5,64$) өсіп, 38,15 долларға жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне биржаның сайтында жарияланған хабарламадан мәлім болды.

  • 28 Маусым 2005
  • 523
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, наурыз айында акциялардың құны 47 доллар болған.

27-маусымда, PetroKazakhstan компаниясы келіссөздер туралы, болашақ корпоративтік сауда-саттық туралы, әлдебір компанияны сатып алу немеесе бірігу ықтималдығы туралы ақпарттарды растағаннан кейін акциялардың бағасы өсе бастаған.
Ал PetroKazakhstan компаниясы өз мәлімдемесінде «қазіргі жағдаймен бұл процесс сауда-саттыққа алып келеді деген сенім жоқ. Сол себепті бұл процесті акционерлерге ең қолайлы шешім ретінде ұсынуға әлі ерте», деп атап көрсеткен болатын.
Қазір PetroKazakhstan Арысқұм, Қызылқия, Ақшабұлақ, Құмкөл, Құмкөл — Оңтүстік, Оңтүстік Құмкөл, Құмкөл Солтүстік, Майбұлақ, Нұралы, Солтүстік Нұралы және Ақсай кеніштерінде мұнай өндіруде.
Қазіргі таңда компания 94 дербес құрылымды қамтитын барлау активтеріне және тәуекелдерді ескермегенде 1,1 млрд. баррельден астам қорға ие.
2005-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен PetroKazakhstan компаниясының болжамдық және дәлелденген қоры мұнай эквивалентіне шаққанда 549,8 млн. баррельді құрады.

Перейти к новостям спорта