Ұлыбритания мен Қазақстан энергетика саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбритания мен Қазақстан энергетика саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды

Ұлыбритания мен Қазақстан энергетика саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды

29-маусымда ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник пен Ұлыбританияның энергетика министрі Мальколм Викс екі ел үкіметінің атынан энергетика саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға Лондонда қол қояды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Маусым 2005
  • 719
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, меморандум энергия өндіруші әрі тұтынушы ретінде Қазақстанға деген қызығушылықтың арта түскенін паш етумен бірге ұзақ мерзімді перспективада елдің экономикалық дамуында энергетикалық сектордың маңызын көрсетеді.

Меморандумда Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынаста энергетикалық сектордың шешуші роль атқаратыны атап көрсетілген.
Меморандумға қол қою нәтижесінде бизнес жүргізу мен инвестицияға артықша жағдай жасау жолдарын табу, мұнайгаз саласындағы ашықтықты басқару және оны ынталандыру тәжірибесін жетілдіру, екі елдің энергетикалық секторындағы ынтымақтастық пен ықпалдастық аясын кеңейту тәрізді салалардағы екі жақты байланыс нығая түспек.
Осындай меморандумға қол қою туралы идея Ұлыбритания премьер-министрінің арнаулы өкілі Лорд Леви мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-жылғы қыркүйек айындағы кездесуінде алғаш рет талқыланған.

Перейти к новостям спорта