Мұндай шағым беруге «Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалысын әділет мекемелерінде тіркеуден кезекті мәрте бас тартылуы түрткі болған. «Біздің құжаттарды қайтару себебі біреу ғана: біз онда «қаржылық құралдар» деп жазып қойсақ керек, ал әділет министрлігі болса «ақша» деп жазуды талап етіп отыр»,- деді Ж.Тұяқбай.
Осындай сылтаумен қозғалысты тіркеуден бас тартқан «әділет министрлігі іс жүзінде азаматтардың бірлестіктер құру еркіндігі туралы конституциялық құқығы мен «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңды бұзып отыр»,- дейді қозғалыс жетекшілері.