ҚР СІМ Монғолия елшісін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Монғолия елшісін қабылдады

ҚР СІМ Монғолия елшісін қабылдады

Бүгін, 29-маусымда ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев Монғолияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дамдинжавын Дашнямды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Маусым 2005
  • 606
Фото - Caravan.kz

Бұл кездесу Д.Дашнямның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталуға байланысты өткізілді. Елші 2001-жылдың маусым айынан бері елімізде елшілік қызмет атқарды.

Министрмен кездесуден кейін елші Қазақстан мен Монғолия арасындағы ынтымақтастықтың дами түскенін атап өтті. Мәселен, 2004-жылы екі ел арасындағы тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 есе өскен.
Д.Дашням Монғолияның жаңадан сайланған президенті Намбарын Энхбаярдың алдағы Қазақстанға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға тың серпін береді дегенге сенім білдірді. Монғолияның жаңа президенті Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитіне бақылаушы ретінде қатысады деп күтілуде.
«Бұл — біздің президенттің шетелге жасағалы отырған алғашқы сапары және оның бауырлас Қазақтаннан басталуы бізді қуантады»,- деді елші.

Перейти к новостям спорта