Душанбеде ЕурАзЭҚ әділет министрлері кеңесінің отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде ЕурАзЭҚ әділет министрлері кеңесінің отырысы өтуде

Душанбеде ЕурАзЭҚ әділет министрлері кеңесінің отырысы өтуде

Бүгін, 29-маусымда Душанбеде ЕурАзЭҚ әділет министрлері кеңесінің бесінші отырысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Маусым 2005
  • 463
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, отырыста ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің әділет министрліктері арасында құқықтық ақпарат алмасу саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімді жүзеге асыру шараларының бағдарламасының жобасы қаралады деп жоспарланған. Бұл кеңесте ЕурАзЭҚ сотының құзыреті аясын кеңейту мәселесіне баса назар аударылады.

Отырыс барысында министрлер нормативтік актілерді жобалауға қатысты тәжірибе алмасады. Сонымен бірге «Саясат, экономика, құқық: ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің ұлттық өкілеттілігінің бір бөлігін ЕурАзЭҚ-қа өткеріп берудің алғышарттары мен келешегі» тақырыбы бойынша 2005-жылдың қазан айында Мәскеуде халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізу жайы талқыланады.
Сонымен бірге отырысқа қатысушылар Әділет министрліктеріне қарасты жоғары білім ордаларында ЕурАзЭҚ-тың іс-қызметі мен дамуына қатысты арнаулы дәрістер ұйымдастыру жайын, сондай-ақ, сот-сарапшылық іс-қызмет пен жазаны жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастыққа қатысты келісімдердің жобасын сарапқа салады.

Перейти к новостям спорта