Қаржы полициясы алаяқтықпен шұғылданған риэлторларды ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы алаяқтықпен шұғылданған риэлторларды ұстады

Қаржы полициясы алаяқтықпен шұғылданған риэлторларды ұстады

Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері алаяқтықпен шұғылданған риэлторларды ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Маусым 2005
  • 380
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 23-маусымда департамент қызметкерлері өзін «MERXIA» жылжымайтын мүлік агенттігі» ЖШС-нің риэлторымын деп таныстырып, тұрғындарды тақырға отырғызыпуды кәсіпке айналдырған бір әйелді ұстады. Ол тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында мемлекеттік мекемелерден пәтер бөлдіріп беруге жәрдемдесемін деген желеумен бір жәбірленушіден 1450 АҚШ доллары мен 6500 теңгені алдап алған.

Сол күні «MERXIA» жылжымайтын мүлік агенттігі» ЖШС-нің кеңсесіндегі тінту кезінде зардап шеккен адамдардың құжаттары мен 38 мың АҚШ доллары табылды. Сонымен бірге түрлі үйлер мен пәтерлердің схемалық жоспарлары табылған. Алаяқтар оларды қитұрқы әрекеттеріне азаматтарды сендіру үшін пайдаланған екен. Аталмыш дерек бойынша ЖШС директоры мен қызметкерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «Аса ірі көлемдегі аляқтық әрекет» туралы 117-бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер ұсталды.

Перейти к новостям спорта