Алматыда жеке меншік үйдің қабырғасы құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.73
  • 546.57
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жеке меншік үйдің қабырғасы құлады

Алматыда жеке меншік үйдің қабырғасы құлады

Алматыдағы Таиров көшесінің бойындағы бір жеке меншік үйдің қабырғасы құлады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Нина Петунина хабарлады.

  • 30 Маусым 2005
  • 448
Фото - Caravan.kz

Үй қожайынының айтуынша, Алматыда таяуда болған жер сілкінісінен кейін оның қамыстан тұрғызылған үйінің бір қабырғасына сызат түскен. Үй қожайыны қабырғаны тіреп қойған көрінеді . Алайда бүгін таңертең үйдің қабырғасы құлап қалды. Бұл кезде үйде ешкім болмаудың арқасында бір адам да зардап шеккен жоқ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 4 балдық жер сілкінісі Алматыда 24-маусымда тіркелген болатын.