Оңтүстік Қазақстан облысында қант бағасының қымбаттау себептерін зерттейтін жұмыс тобы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында қант бағасының қымбаттау себептерін зерттейтін жұмыс тобы құрылды

Оңтүстік Қазақстан облысында қант бағасының қымбаттау себептерін зерттейтін жұмыс тобы құрылды

Оңтүстік Қазақстан облысында қант бағасының қымбаттау себептерін зерттейтін жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің орынбасары Светлана Бурлаченко хабарлады.

  • 30 Маусым 2005
  • 437
Фото - Caravan.kz

29-маусым, сәрсенбіде облыстық әкімшілікте үкіметтің 5-мамырдағы қаулысын жүзеге асыру үшін құрылған жергілікті базарлардағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі штабтың жиналысы өтті. Онда қант бағасының қымбаттау мәселесі қаралды. Негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасына жүргізілген баға мониторингінің мәліметтері бойынша қант бағасы соңғы үш апта бойы қымбаттады. Қазір бұл өнімнің құны облыстағы базарларда 90-100 теңге аралығында бағалануда. Ал бұған дейін Шымкенттегі қант бағасы 75-80 теңге болған.

С.Бурлаченконың айтуынша, консервілеу маусымы басталған жоқ, ал баға қымбаттап барады. Сол себепті бұл құбылысты сұраныстың өсуімен байланыстыруға қисын жоқ.
Штаб отырысында жұмыс тобы құрылып, оған салық комитеті, прокуратура, полиция, монополияға қарсы күрес мекемесі мен әкімшілік қызметкерлері енді. Топты кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің бастығы Пернебай Әубәкіров басқаратын болды. Топ мүшелеріне бір аптада мән-жайды анықтау туралы тапсырма берілді. «Олар қанттың базарлар мен дүкен сөрелеріне жеткізілу жолдары мен қай тұста бағаның қымбаттағанын айқындап, нысаналы шаралар қолдануға мүмкіндік беретін нұсқаулар әзірлеуге тиіс»,- деді әкімнің орынбасары.

Перейти к новостям спорта