Қостанайда Қазақстан мен Ресей ІІМ-нің шекаралық ынтымақтастығына арналған кеңес өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда Қазақстан мен Ресей ІІМ-нің шекаралық ынтымақтастығына арналған кеңес өтеді

Қостанайда Қазақстан мен Ресей ІІМ-нің шекаралық ынтымақтастығына арналған кеңес өтеді

1-шілде, жұмада Қостанайда Қазақстан мен Ресей ІІМ-нің шекаралық ынтымақтастығына арналған кеңес басталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Маусым 2005
  • 393
Фото - Caravan.kz

Кеңеске қатысу үшін бүгін Қостанайға ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков пен РФ ІІМ Рашид Нұрғалиев келеді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуде «лаңкестікке тосқауыл қою, жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, темір жол, әуе және су транспорты нысандарындағы құрылымдық-экономикалық реформалар барысында сыбайлас жемқорлық пен лауазымдық құзырын пайдалану деректерін әшкерелеу, есірткі, қару-жарақ, жарылғыш заттар мен құралдарды тарату жолдарын жабу, заңсыз көші-қонмен күрес» мақсатында екі министрлік арасындағы ынтымақтастық перспективалары басты әңгіме өзегіне айналмақ.
Ішкі істер министрліктері арасындағы шекаралық ынтымақтастыққа арналған кеңес осымен төртінші мәрте өткізіліп отыр. Екі күнге созылатын кеңес барысында өкілдер алдағы жарты жылға арналған бірлескен шаралардың нақты жоспарын жасамақшы.
Бүгін сонымен қатар З.Тұрысбеков Қостанай облысындағы учаскелік тәртіп сақшыларына 110 радиостанция, 100 компьютер мен 58 автокөлік табыс етеді. Жаңа техника мен жабдықтар техникалық жарақтау бағдарламасының кезекті сатысына сәйкес сатып алынған.

Перейти к новостям спорта