ЕурАзЭҚ әділет министрлері құқықтық ақпарат алмасу саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ әділет министрлері құқықтық ақпарат алмасу саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды

ЕурАзЭҚ әділет министрлері құқықтық ақпарат алмасу саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды

Душанбеде ЕурАзЭҚ әділет министрлері кеңесінің бесінші отырысының қорытындысы бойынша құқықтық ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 30-маусымда ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Маусым 2005
  • 584
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, келісімді жүзеге асыру аясында ЕурАзЭҚ шеңберіндегі құқықтық ақпараттардың дерекқоры құрылып, ол біртұтас ақпараттық кеңістік құрудың негізіне және ұлттық заңнамалар мен нормативтік-құқықтық актілермен жүйелі түрде алмасып отыру, құқықтық ақпараттық бағдарламалар жобасын жасап жүзеге асыруға атсалысу негізіне айналады.

Отырыс барысында ЕурАзЭҚ-тың көмекші органы ретінде әділет министрлері кеңесінің мәртебесі туралы ережелер бекітіліп, салалық білім беру мекемелерінде ЕурАзЭҚ-ты дамыту туралы дәрістер ашуға шешім қабылданды.
Қазақстанда мұндай дәрістер Павлодар мен Қостанайдың заңгерлік коллеждерінде ашылатын болды.
Отырысқа қатысушылардың шешімімен әділет министрлері кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Оған ҚР Әділет министрі Зағипа Балиева мен Қырғызстан әділет министрінің міндетін атқарушы Эркинбек Мамыров енді. Ұйым процедурасына сәйкес кеңес төрағасы болып Тәжікстан әділет министрі Халифобоба Хамодов сайланды.

Перейти к новостям спорта