«Қазақстан ахуалында көптеген факторларға байланысты басқа қандай да билік түрі тиімді әрі тұрақты бола алмайды»,- дейді Б.Өтемұратов.
Ұлттық комиссия төрағасының айтуынша, саяси реформалар бағдарламасын алдын-ала талқылау қорытындысы реформаларды сатылы жүзеге асыру қажеттігін айғақтады. Бұл орайда «билік тармақтары өкілдерінің құзыратін арттыру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, саяси партиялардың ролі мен функцияларын арттыру және сыбайлас жемқорлықпен күрес» мәселелері ең көкейкесті мәселеллер ретінде аталуда. «Бұл бағыттардың әрқайсысы бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру орынды»,- деді Б.Өтемұратов.
«Саяси реформалар аясындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтық қоғам институттарын қолдап дамыту сынды бағыттар бойынша бірқатар бағдарламалалық құжаттар қабылдау дұрыс»,- дейді ол. Б.Өтемұратовтың айтуынша, «саяси реформаларды жүзеге асыру үшін қоғам болып жұмылу қажет».