Қазақстанның Ирактағы инженерлік-саперлік отряды белгіленген кестеге сәйкес алмастырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Ирактағы инженерлік-саперлік отряды белгіленген кестеге сәйкес алмастырылады

Қазақстанның Ирактағы инженерлік-саперлік отряды белгіленген кестеге сәйкес алмастырылады

Қазақстанның Ирактағы инженерлік-саперлік отряды белгіленген кестеге сәйкес алмастырылады. Бұл туралы бүгін, 1-шілдеде ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембинов журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Алматы облысынан.

  • 1 Шiлде 2005
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандық бітімгершілер Иракта 6 ай болуға тиіс және бұл мерзім орындалады»,- деді Б.Сембинов. «Қазбат жаздың аяғында алмастырылады деп ойлаймын. Нақты кесте халықаралық коалиция құрамындағы әріптес-елдермен келісу нәтижесінде анықталады»,- деді қорғаныс министрінің орынбасары. Оның айтуынша, қазір бітімгершілерді ауыстыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бітімгершілер тобы бұрынғыдай 27 адамнан тұратын болады.

Қазіргі жағдаймен Қазақстанның Ирактағы инженерлік-саперлік отряды халықаралық коалиция құрамындағы ең кәсіби бөлімшеге саналады, деді Б.Сембинов. Оның айтуынша, қазақстандық саперлер 3,5 млн. оқ-дәрінің көзін жойды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 17-мамырда Астанада ҚР Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев қазақстандық жауынгерлерді Ирактан шығару туралы пікір білдірген. «Қазбат Иракта жеткілікті тәжірибе жинақтады, сондықтан еліміздің Ирактағы бөлімшесінің жұмысын доғару туралы ойланатын мерзім жетті»,- деді ол. «Ирактағы жауынгерлерді шығару немесе бөлімшенің сол елде қызмет атқаратын мерзімі аяқталғаннан кейін жаңадан әскерлер жібермеуді ойластыру қажет»,- деп атап көрсеткен министр осы орайда бұл тек өзінің жеке пікірі екенін мәлімдеді.
«Біз түрлі жағдаяттарға қарамастан, өзіміздің халықаралық міндеттемелерімізді толық орындайтынымызды дәлелдедік»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта