Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық мәселесі Брюссельдегі кездесуде талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық мәселесі Брюссельдегі кездесуде талқыланады

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық мәселесі Брюссельдегі кездесуде талқыланады

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық мәселесі 19-шілдеде Брюссельде өтетін министрлердің бас қосуында талқыланады. Бұл туралы бүгін, 1-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы елшісі Джеймс Шарп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Шiлде 2005
  • 407
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Брюссельде өтетін кездесуде » экономикалық, сыртқы саясат, Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық мәселелері мен демократияландыру бағдарламалары» талқыланады.

«Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың көптеген бағыттары бұрынғы қалпында қалады. Бұл бағыттар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы жан-жақты ынтымақтастық және әріптестік жөніндегі келісімде айқындалған».
Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің мәліметіне сәйкес, кейінгі жылдары Еуроодақ елдерінің Қазақстанға жұмсаған инвестициясы 9 млрд. долларды құрады. Қазақстан тауар айналымының көлеміне қарай Ресейден кейінгі екінші орында.
Елші осы орайда бүгін, 1-шілдеден бастап Ұлыбританияның Еуропалық Одаққа төрағалық жасай бастағанын еске салды. Ұйымға төрағалық жасау арқылы Ұлыбритания Еуропалық бюджеттің құрылымын талқылауды, Еуроодақтың аясын кеңейту, Африкаға қолұшын беру, күн райы ахуалының өзгерісімен күрес мәселелерін одан әрі жалғастыруға басымдық беретін болады, деді ол. «Ұлыбритания Еуропалық Одаққа 2005-жылдың желтоқсан айына дейін төрағалық жасайды. Бұдан кейін оның орнын Австрия басады»,- деді Джеймс Шарп.

Перейти к новостям спорта