Пәкістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымына толыққанды мүшелікке өтуге пейіл - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пәкістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымына толыққанды мүшелікке өтуге пейіл

Пәкістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымына толыққанды мүшелікке өтуге пейіл

Пәкістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымына толыққанды мүшелікке өтуге пейіл. Бұл туралы бүгін, 1-шілдеде Астанада Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ирфан-ур-Рехман Раджи журналистерге мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Шiлде 2005
  • 357
Фото - Caravan.kz

«Пәкістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жанындағы бақылаушы мәртебесін алуға Қазақстан тарапынан көрсетілген жан-жақты қолдауды жоғары бағалайды»,- деді елші. «Біз Пәкістанның Шанхай ынтымақтастығы ұйымына толыққанды мүшелікке өтуін қалаймыз және бұл мәселе бойынша Қазақстан одан әрі қолдайды деп сенеміз»,- деді ол.

И.Раджи «Пәкістанның лаңкестікпен күрес саласында ауқымды тәжірибе жинақтағанын» атап өтті. «Бұл тәжірибеге Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер назар аударады» дегенге елші сенім білдірді.
Оның айтуынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының алдағы саммитіне Пәкістан атынан үкімет басшысы Шаукат Әзиз қатысады. «Өкінішке орай , өз міндеттемесіне қарамастан, Пәкістан президенті Первез Мушарраф бұл саммитке қатыса алмайды»,- деді елші.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті 5-6-шілдеде Астанада өтеді.
Ұйымға қазір Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері толық құқылы мүше болып саналады.

Перейти к новостям спорта