Швейцариялық кәсіпкерлер Қазастанға инвестиция салу мүмкіндіктерін зерттеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Швейцариялық кәсіпкерлер Қазастанға инвестиция салу мүмкіндіктерін зерттеуде

Швейцариялық кәсіпкерлер Қазастанға инвестиция салу мүмкіндіктерін зерттеуде

28-30-маусымда Швейцарияның экономика және өнеркәсіпшілер мен қаржыгерлерді қолдау жөніндегі мемлекеттік ұйымдарының өкілдері Қазақстанда болды. Өкілдерді Швейцарияның экономика жөніндегі мемлекеттік хатшысының орынбасары Йорг А.Рединг басқарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Шiлде 2005
  • 534
Фото - Caravan.kz

Астанада делегация өкілдері ҚР индустрия және сауда, қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау министрліктерінің, сондай-ақ, Қазақстан даму банкі мен Елорда әкімшілігінің басшығымен кездесті.

Ал Алматыда өкілдер мемлекеттік даму институттары, ірі жеке меншік банктер мен компаниялардың қатысуымен өткен бизнес-форумға қатысты.
Кездесулер барысында инвестиция салу, Қазақстандағы бизнес жүргізу және салық салу жәйттері, кедендік процедуралар, банк ісі, сыртқы экономикалық іс-қызмет, экспорт пен жобаларды қаржыландыруға мемлекет тарапынан қолдау көрсету жағдайлары талқыланды.
Швейцариялық кәсіпкерлер азық-түлік және машина жасау кешеніне қарасты қазақстандық кәсіпорындарды аралады.
Бұл — Швейцариялық кәсіпкерлердің Қазастанға жасаған алғашқы ауқымды сапары.

Перейти к новостям спорта