Ал жуырда ғана өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыс басшылығы Орал қаласының әкімін әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысын салуға арналған жер телімдерін жеке меншікке заңсыз таратып жіберді деп айыптаған болатын. Бұл деректерді Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасындағылар да растады. Облыстық прокуратураның мәліметі бойынша, жер учаскелерін жеке меншікке тегін үлестіру салдарынан Орал қалалық бюджеті 300 мың теңгеден қағылған.