Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, апат 2-шілде күні 12 сағат 55 минутта газқұбырлы энергетикалық станциядағы апат пен желідегі кернеудің түсіп кетуі салдарынан болған. Соның салдарынан ауаға қышқыл газ тасталды.
Кеніштен оперативтік топқа жатпайтын қызметкерлер басқа жаққа көшірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
3-шілде күнгі 18 сағаттағы жағдаймен газ өңдеу зауытының технологиялық желілерін іске қосу жұмыстары жүргізілді. Зауыт жұмысы бүгін, 4-шілдеде қайта жанданады.