Қырғызстанда президенттіктен үміткерлердің теледебаты басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда президенттіктен үміткерлердің теледебаты басталды

Қырғызстанда президенттіктен үміткерлердің теледебаты басталды

Бүгін, 4-шілдеде Қырғызстанда президенттіктен үміткерлердің теледебаты басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Шiлде 2005
  • 353
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, президенттіктен үміткерлер шілденің 4 мен 8-і аралығында ұлттық телеарна арқылы сөз сөйлейді. Теледебаттардың кестесі жеребе тастау арқылы анықталады.

Тікелей эфирде өткен теледебаттарды ұлттық радио мен аймақтық телерадиокомпаниялар ретрансляциялайды. Үміткерлер сайлау алдындағы бағдарламаларымен таныстырып, қарсыластарының, журналистер мен студия қонақтарының сауалдарына жауап қайтарады. Қырғызтандағы айрықша өзекті проблемалар қырғыз және орыс тілінде талқыланады.
Сайлау жөніндегі кодекске сәйкес, әрбір үміткерге телеэфирден 30 минут, радиоэфирден 20 минут уақыт беріледі. Баспасөз беттерінде 2 бет ақпарат жариялауға рұқсат берілген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президентінің уақытынан бұрынғы сайлауы 10 -шілдеге белгіленген. Мемлекет басшысының орынтағынан 6 адам үміткер.

Перейти к новостям спорта