Азық-түлік тауарларының бағасы өткен айда 2004 жылғы маусыммен салыстырғанда 9% өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азық-түлік тауарларының бағасы өткен айда 2004 жылғы маусыммен салыстырғанда 9% өсті

Азық-түлік тауарларының бағасы өткен айда 2004 жылғы маусыммен салыстырғанда 9% өсті

Азық-түлік тауарларының бағасы өткен айда 2004 жылғы маусыммен салыстырғанда 9%-ға өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 4 Шiлде 2005
  • 443
Фото - Caravan.kz

Ет және ет өнімдері — 13,2% қымбаттады. Бір килограмм шошқа етінің республика бойынша орташа бағасы 2005 жылдың сәуірінде 408 теңге болды, бұл өткен жылғы тиісті айдағыдан 114 теңгеге артық, жылқы еті — 453 теңге, бұл тиісінше 53 теңгеге артық, сиыр еті — 386 теңге, 36 теңгеге артық, қой еті — 459 теңге, 28 теңгеге артық.

Жеміс және көкөністердің бағасы 29,6% өсті. 2005 жылдың маусымында бір килограмм қырыққабат 75 теңге болды, бұл 2004 жылдың тиісті айындағыдан 40 теңгеге артық, қызанақ — 176 теңге, 35 теңгеге артық, сәбіз — 70 теңге, 32 теңгеге артық, қызылша — 72 теңге, 29 теңгеге артық.

Перейти к новостям спорта