4-шілдедегі жағдаймен 54 адам сенат депутатының мандатынан үміткер - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
4-шілдедегі жағдаймен 54 адам сенат депутатының  мандатынан үміткер

4-шілдедегі жағдаймен 54 адам сенат депутатының мандатынан үміткер

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, 4-шілдедегі жағдаймен елімізде сенат сайлауына қатысуға 54 адам өз кандидатурасын ұсынып, 11 адам тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Орталық сайлау комиссиясынан хабарлады.

  • 4 Шiлде 2005
  • 652
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ,Ақмола облысында 2 адам, Ақтөбе облысында 6, Алматы облысында 1, Атырау облысында 4, Жамбыл облысында 6, Қызылорда облысында 4, Қостанайда 1, Маңғыстау облысында 4, Павлодар облысында 5, Солтүстік Қазақстан облысында 3, Оңтүстік Қазақстан облысында 2 адам сенат депутаттығынан үміткер ретінде ат ұсынды. Ал Алматыда 7, Астанада 1 адам бұл лауазымнан үміткер болып саналуда.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, қазіргі жағдаймен жалпы үміткерлер арасынан 44 адам өз бетімен ат ұсынған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР президенті сенат депутаттарының сайлауын 2005-жылдың 19-тамызына белгілеу туралы жарлыққа қол қойды.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, үміткерлердің атын ұсыну 18-маусымда басталып, 18-шілдеде аяқталады.
Ал үміткерлерді тіркеу шарасы 29-шілдеде аяқталады. Соған сәйкес сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары 30-шілдеде басталып, 17-тамыз күнгі түн ортасына дейін жалғасуға тиіс.
Дауыс беру, дауысты санау және дауыс беру қорытындысын жариялау шараларын облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары 19-тамыз күні жүзеге асырады. Дауыс беру қорытындысы туралы хаттамалар Орталық сайлау комиссиясына 20-тамыздан кешіктірілмей жеткізілуге тиіс.
Жоспар бойынша Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын 25-тамыздан кешіктірмей анықтап, сайлау қорытындысы туралы хабарламаны 28-тамызға дейін БАҚ-тарда жариялауға тиіс.
ҚР Ата заңына сәйкес, сенат әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала мен Қазақстан Елордасының әрқайсысынан екі адамнан сайланған депутаттардан құралады. Сенат депутаттарының сайлауы тиісінше облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Елордасындағы барлық өкілеттілік органдары депутаттарының бірлескен отырысында құпия дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығының негізінде жүзеге асырылады. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі 6 жылға тең. Сайланбалы депутаттардың тең жартысы әрбір үш жыл сайын қайтадан сайланады. Бұл ретте кезекті сайлау депутаттардың өкілеттілік мерзімі аяқталуға екі айдан кем емес уақыт қалғанда өткізілуге тиіс.
ҚР парламенті сенатының бұған дейінгі сайлауы 2002-жылдың 8-қазанында өтті.

Перейти к новостям спорта