Зерттеу жұмыстары Еуроодақтың «Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді қолдау» атты жоба аясында жүзеге асырылды.
Жобаның заңгерлік кеңесшісі Петро Моргомның айтуынша, заң шығару процессіне қатысушылар заң шығару жөніндегі бастаманың негізділігіне баса наазар аударуы қажет. Сонымен бірге , оның пікірінше, Қазақстанда заң жобасымен жұмысқа тым қысқа мерзім бөлінеді. Сонымен бірге заңгерлік терминологияға қатысты біртұтас көзқарастың жоқтығы мен заңға бағынышты актілер мен сілтеме жасалатын нормалардың көптігі кемшіліктер ретінде аталды. Сарапшылар Қазақстанға заң жобаларын жасауға кәсіби мамандарды көбірек жұмылдыру, Қазақстанның ұлттық заңнамаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге қол жеткізу үшін мониторинг жүйесін дамытуға кеңес береді.
Заң шығару процессіндегі тауқыметтерді зерттеумен, нақты заңдардың жобасын жасау жөніндегі нұсқаулар беру және қабылданатын құжаттардың сапасын қадағалаумен шұғылданатын біртұтас орталық құру туралы ұсыныс жасалды.
Конференцияға қатысқан ҚР әділет министрінің бірінші орынбасары Рахмет Мұқашев қазақстандағы мемлекеттік мекемелер бұл нұсқауларды жіті зерттейтін болады деген уәде берді. «Біз бұл нұсқауларды еліміздегі заң шығару процессіндегі жетістіктерге жасалған қолдау мен жоғары баға деп балайтын боламыз»,- деді ол.
Р.Мұқашев өз басы Қазақтандағы заң шығару жұмыстарының сапасы төмен деп санамайтынын атап өтті. «Егер салыстыра талдайтын болсақ, еліміздегі заңнамалар басқа ТМД елдеріндегіден әжептәуір жоғары деңгейде екені біз үшін дау тудырмайтын дерек»,- деп мәлімдеді ол.