Мәселен, Қытай басшысы екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту және дамыту жөніндегі бүгін қол қойылған бірлескен декларация Қазақстан-Қытай қарым-қатынасын «тың мазмұнмен байытуға» мүмкіндік береді деген сенімде.
Ху Цзиньтаоның пікірінше, «Қазақстан мен Қытай саяси саладағы өзара сенімді күшейтіп, сауда-саттық, энергетика, көлік салаларындағы ынтымақтастықты пәрмендендіріп, білім беру, мәдениет, ғылым және техника саласындағы алмасуларды нығайтуы қажет». «Біз Қазақстанда Конфуций университетін ашуға септігімізді тигізуге дайынбыз. Сонымен бірге Қытай жағы Қазақстанның Қытайдағы мәдени орталығын ашу идеясын қолдайды»,- деді ҚХР төрағасы.