Нұрсұлтан Назарбаев Қытай төрағасы Ху Цзиньтаоның елімізге сапарының нәтижесіне дән риза - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Қытай төрағасы Ху Цзиньтаоның елімізге сапарының нәтижесіне дән риза

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай төрағасы Ху Цзиньтаоның елімізге сапарының нәтижесіне дән риза

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның елімізге ресми сапарының нәтижесіне дән риза. Бұл туралы ол бүгін, 4-шілдеде Қытай жағымен жүзбе-жүз және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Шiлде 2005
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Бұл келіссөздер қалыптасқан дәстүрге сәйкес достық ауанда өтіп, екі ел арасында кең ауқымды мәселелер бойынша өзара түсіністік орныққанын тағы бір дәлелдеді»,- деді Н.Назарбаев.

«Бүгін біз стратегиялық әріптестік орнату және оны дамыту жөніндегі бірлескен декларация атты ғасырларға бағыт түзеген құжатқа қол қойдық. Қазақстан мен Қытай дүниежүзіндегі ұжымдық қауіпсіздіктің жаңаша тұжырымдамасын қалыптастыру саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге уағдаласты. Біз Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту ісінде ҚХР-ның қолдауына ие болғанымыз үшін ризашылық білдіреміз»,- деді Қазақстан Елбасы.
Қазақстанда Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын тарту сынды бірлескен жобалар қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сонымен бірге Батыс Қытай мен Каспий теңізін жалғастыратын Трансқазақстандық темір жол магистралін тарту мүмкіндіктері бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу жөніндегі меморандуға қол қойылды.
«Сонымен бірге біз ҚР және ҚХР үкіметтері арасындағы Қытай жағында 300 гектар, Қазақстан жағында 200 гектар аумақты иемденетін «»Қорғас» шекаралық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық орталықтың жұмысын реттеу туралы» келісімдерге қол қойдық. Біз бұл аумақта еркін сауда-саттықты дамыту арқылы екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға түрткі болмақпыз»,- деді Елбасы. Президенттің айтуынша, биыл екі ел арасындағы тауар айналымы 5 млрд. долларға жетіп, Қытайдың Қазақстанға салған инвестициясының ауқымы 2 млрд. долларды құрады.
Мемлекет басшысы сонымен бірге сапар барысында мәдени ынтымақтастық саласында да келісімдерге қол жеткізілгенні атап өтті. «Біз Қытайда Қазақстанның мәдени орталығын құру және Қазақстанда Конфуций университетін ашуға келістік. Біз сонымен бірге қазақстандық жастарды Қытай университеттерінд оқыту туралы мәмілеге келдік»,- деді Н.Назарбаев.
Қазақстан президенті ҚХР төрағасы мен Қытай өкілдеріне жемісті жұмысы үшін ризашылық білдіріп, Ху Цзиньтаоның ҚР үкімет басшысымен және парламент палаталарының жетекшілерімен кездесулері де осындай жемісті әрі маңызды болады дегенге сенім білдірді.

Перейти к новостям спорта