ҚХР Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қолдау көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қолдау көрсетеді

ҚХР Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қолдау көрсетеді

ҚХР Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына тез арада мүшелікке өтуіне қолдау көрсетеді. Бұл туралы бүгін, 4-шілдеде Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао қол қойған стратегиялық әріптестік орнату және оны дамыту жөніндегі Қазақстан мен Қытай бірлескен декларациясында айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Шiлде 2005
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Тауар және қызмет рыногына шығуға мүмкіндік беру туралы Қазақстан -Қытай келіссөздерінің табысты басталғанын атап өткен тараптар оны тез арада аяқтауға бар күшін салады»,- делінген құжатта.

Сонымен бірге декларацияда атап көрсетілгеніндей, «тараптар сауда-инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартуға, өз аумақтарындағы, әсіресе шекаралық аудандардағы екі елдің кәсіпорындарын қолдауға, өзара инвестициялар салуға, өндірістік жәнесауда-экономикалық іс-қызметті дамытуға құлықты. Тараптар өз аумақтарында екі ел компаниялары мен кәсіпорындарының заңды құқығын қорғайтын болады».
«Қазақстан мен Қытай өзара тауар айналымының құрылымын одан әрі кеңейту, екі жақты сауда-саттық аясында жоғары технологиялық және қосалқы құн салығы жоғары өнімдердің үлес салмағын арттыру, тауар айналымының құрылымын диверсификациялау бағытында бірлескен шараларды іске асыруды қолдайды»,- делінген құжатта. «Осыған байланысты тараптар өзара консультациялар мен екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселер бойынша диалог тетіктерін қалыптастыруға келісті»,- делінген құжатта.

Перейти к новостям спорта