Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының кезекті оныншы отырысы ертең, 5-шілдеде Астанада өтеді. Оған ұйымға мүше Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан республикаларының президенттері мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие Монғолияның президенті қатысады.
Саммит қорытындысы бойынша бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.