ҚР ІІМ-нің басшылығы 2005-жылдың алғашқы жартысын қорытындылады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ-нің басшылығы 2005-жылдың алғашқы жартысын қорытындылады

ҚР ІІМ-нің басшылығы 2005-жылдың алғашқы жартысын қорытындылады

Астанада ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбековтың басқаруымен ішкі істер министрлігі алқасының отырысы өтіп, онда мекеменің 2005-жылдың алғашқы жартысындағы жұмыс қорытындысы мен Елбасының 2005-жылғы 14-сәуірде министрлік басшыларымен өткізілген кеңесте берген тапсырмасының орындалу барысы талқыланды.

  • 4 Шiлде 2005
  • 419
Фото - Caravan.kz

Алқа отырысында атап көрсетілгеніндей, 2005-жылы еліміздегі нақты қылмыстық ахуал айтарлықтай өзгерген жоқ, тіркелген жалпы қылмыстар саны былтырғы деңгейде қалды. Бір айта кетерлігі, аса ауыр және ауыр қылмыс түрлерінің саны азаю ағымы байқалады. Соның ішінде кісі өлтіру, адамның денсаулығына ауыр зардап шектіру, зорлау, пәтер тонау саны азайып келеді.

Сонымен бірге топтасып қылмыс жасау, бұрын сотталғандардың қайтадан қылмысқа бару, мас күйіндегі қылмыстар саны азайды. ІІМ басшылығының пікірінше, мұндай оңды өзгерістер қылмыспен күресті күшейтуге бағытталған шаралардың нәтижесі болмақ.
Сонымен қатар алқа мәжілісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен азаматтардың конституциялық құқығын қорғау, қылмыстардың бетін ашу және тектеп тексеру, ұйымдасқан қылмыспен күрес, лаңкестік және экстремистік сипаттағы көріністермен күрес және адам саудасымен күрес тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Перейти к новостям спорта