Минскде бас қосатын ТМД сарапшылары гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі келісімнің жобасын талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минскде бас қосатын ТМД сарапшылары гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі келісімнің жобасын талқылайды

Минскде бас қосатын ТМД сарапшылары гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі келісімнің жобасын талқылайды

Бүгін, 5-шілдеде Минск қаласында ТМД-ға қатысушы елдердің өкілдері мен сарапшыларының ТМД аясындағы гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі келісімнің жобасын талқылауға арналған отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Шiлде 2005
  • 440
Фото - Caravan.kz

Келісім жобасында мәдениет, білім беру, ғылым, ақпарат, денешынықтыру және спорт, туризм және жастар саясаты салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған шаралар қарастырылған.

Гуманитарлық ынтымақтастықты пәрмендендіру жұмыстарын үйлестіру үшін жобада гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңес құру, оның мақсаты, міндеттері, форматы мен қаржыландыру әдістері қарастырылады.
Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі келісім ТМД-ға қатысушы елдердің 2005-жылдың 8-мамырында Мәскеуде қабылданған гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі декларациясы аясында жобаланды.
ТМД-ға қатысушы елдердің өкілдері мен сарапшыларының мәжілісі 7-шілдеде аяқталады.

Перейти к новостям спорта