Кездесу барысында сонымен бірге Қазақстан мен Қытайдағы электр қуатын өндіру саласындағы реформаларға қатысты тәжірибе алмасу, сондай-ақ, электр қуатын жалғастыру және тарату саласындағы озық технологиялармен алмасу, Қазақстанда өндірілген электр қуатын ҚХР-ның шекаралық аймақтарына сату, Қытайдың мемлекеттік электр желілері корпорациясының жел күшімен жұмыс істейтін қондырғыларды пайдалану саласындағы тәжірибесімен бөлісу мәселелері қаралды.