Атырау облыстық тәртіп сақшылары табиғат қорғау шарасының барысында Каспийде заңсыз ауланған 685 килограмм балық тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облыстық тәртіп сақшылары табиғат қорғау шарасының барысында Каспийде заңсыз ауланған  685 килограмм балық тәркіледі

Атырау облыстық тәртіп сақшылары табиғат қорғау шарасының барысында Каспийде заңсыз ауланған 685 килограмм балық тәркіледі

Атырау облыстық ішкі істер департаментінің балық қорын қылмыстық жолмен құртумен күрес бөлімінің тәртіп сақшылары "Бекіре -2005" шарасының барысында Каспийде заңсыз ауланған 685 килограмм балық, соның ішінде бекіре тұқымдас 282 килограмм балық тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2005
  • 491
Фото - Caravan.kz



Мәселен, 11-қыркүйекте Каспий теңізінде «Ямаха-200» моторлы қайығы ұсталды. Онда облыстың жағалаудағы бір ауданының екі тұрғыны отырған. Тінту кезінде қайықтан бекіре тұқымдас 34 килограмм балық, 2 ау мен спутник-навигатор тәркіленді.
Табиғатқа қаскөйлік жасаумен күреске және балық қорын сақтауға бағытталған «Бекіре -2005» шарасы Каспий өңірінде 5-қыркүйекте басталды.
Шара басталғаннан бері тәртіп сақшылары балықты заңсыз аулауға қатысты 25 деректің бетін ашты. Балық өнімдерін заңсыз сатып алу немесе сатуға қатысты 8, заңсыз тасымалдауға қатысты 5 дерек әшкереленді. Браконьерлерден балықпен бірге 4,4 килограмм уылдырық, 20 балық аулау құралдары мен 2 жүзу құралы тәркіленді.
Шара аясындағы 8 күн ішінде 23 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 43 695 теңгенің айыппұлы салынды. Қазір 8 дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сату немесе сатып алу жөніндегі» 183-ші және «Су жәндіктерін заңсыз аулау жөніндегі» 287-ші баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті