Көрме-конференцияға қатысу үшін Қазақстанға әлемнің 34 елінен 420 компанияның өкілдері келді. Компаниялардың жеке көрме тақталарымен бірге Әзербайжан, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Италия, Канада, Кытай, Нидерланд Корольдігі , Норвегия, Польша, Ресей және Францияның ұлттық стендтері орнатылған.
Конференция бағдарламасы бойынша Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының, шетелдердің, қазақстандық және халықаралық компаниялардың жоғары лауазымды 60 өкілі сөз сөйлейді деп күтілуде. Екі күнге созылатын бас қосуға 600 өкіл қатысады.
«KIOGE- 2005″көрмесі аясында тұсаукесер шаралары, семинарлар мен басқа да шаралардан құралатын 4-күндік бағдарлама жоспарланған.
Шараны Ұлыбританияның ITE Group Plc халықаралық көрме компаниясы, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі, «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ, Алматы қалалық әкімшілігі, шараға қатысушы елдердің дипломатиялық миссиялары, Қазақстан, ТМД және шетелдердің жетекші БАҚ-тары бірлесе ұйымдастырып отыр.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті