Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауынан кейін сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы бастама көтеруі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауынан кейін сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы бастама көтеруі мүмкін

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауынан кейін сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы бастама көтеруі мүмкін

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауынан кейін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы бастама көтеруі мүмкін. Бұл туралы бүгін, 4-қазанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Владимир Фоос құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қазан 2005
  • 530
Фото - Caravan.kz

«Біз қазір «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістер енгізу үшін үміткерлер, олардың сенімді тұлғалары мен аумақтық сайлау комиссияларынан ұсыныстар жинаудамыз»,- деді В.Фоос. «Алдағы президент сайлауынан жинақтаған тәжірибеге сәйкес біз заңға өзгерістер дайындау құзыретіне ие мекемеге өз ұсыныстарымызды беретін боламыз»,- деді комиссияның хатшысы.
В.Фоостың хабарлауынша, бірқатар ұсыныстар президенттіктен үміткерлердің атын ұсыну тәртіптеріне байланысты болмақ. «Кейінгі кездері президент сайлауы сынды 7 жылда бір мәрте ғана өткізілетін әрі ел тағдырында шешуші роль атқаратын аса жауапты науқан тұсында кейбір жағдайда үміткерлердің өз бетімен ат ұсыну шарасы шоуға айналып кететін түрі бар»,- деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта