Мүгедек балаларды сауықтыру бағдарламасын жүзеге асыруға 25 млрд. теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүгедек балаларды сауықтыру бағдарламасын жүзеге асыруға 25 млрд. теңге бөлінеді

Мүгедек балаларды сауықтыру бағдарламасын жүзеге асыруға 25 млрд. теңге бөлінеді

Республикалық бюджеттен мүгедек балаларды сауықтыру жөніндегі 2006-2008-жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға 25 млрд. теңге бөлінбек. Бұл туралы бүгін, 4-қазанда ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова "Балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту" тақырыбындағы дөңгелек үстелде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қазан 2005
  • 873
Фото - Caravan.kz



«Қазіргі жағдаймен елімізде 18 интернат-үйде 2500 мүгедек бала мемлекеттің бағым-күтіміне алынған. Жалпы Қазақстан бойынша 47 мың мүгедек бала бар»,- деді Т.Дүйсенова.
Оның хабарлауынша, «2000-жылдың аяғына дейін бюджеттен бір мүгедек баланы асырауға айына 7-8 мың теңге бөлініп келсе, қазір бұл қаржының көлемі 20-30 мың теңгеге жетті».
Сонымен бірге дөңгелек үстелде «мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді сауықтыру бағдарламасының» жобасы қаралды.
«Бағдарлама мүгедек балаларды тіршілікте айрықша қажетті әрі әлеуметтік маңызды икем-дағдыларға машықтандыру әрекеттері негіз етіп алынған. Бұл бағдарлама даму барысы ауыр ақауға ұшыраған балаларға танымдық процестер деңгейін жетілдіруге қолұшын береді»,- деді вице-министр.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта