Орталық сайлау комиссиясына қол қою парақтарын ұсынғаны туралы хаттама тек үміткер Назарбаевтан ғана келіп түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясына қол қою парақтарын ұсынғаны туралы хаттама тек үміткер Назарбаевтан  ғана келіп түсті

Орталық сайлау комиссиясына қол қою парақтарын ұсынғаны туралы хаттама тек үміткер Назарбаевтан ғана келіп түсті

"Орталық сайлау комиссиясына қол қою парақтарын ұсынғаны және қойылған қолдардың тексерілгені туралы хаттама тек үміткер Назарбаевтан ғана келіп түсті". Бұл туралы бүгін, 4-қазанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Владимир Фоос құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қазан 2005
  • 679
Фото - Caravan.kz



«Біз аумақтық сайлау комиссияларымен тұрақты байланыста отырмыз. Қазір үміткерлер тапсырған қол қою парақтары тексеріліп жатыр»,- деді В.Фоос.
Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен үміткер Жармахан Тұяқбай аумақтық сайлау комиссияларына қол қою парақтарын өткізген. Қол қою парақтарын Уәлихан Қайсаров та жартылай тапсырды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше 3-қазанда президенттіктен үміткерлердің атын ұсыну шарасы аяқталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, сайлауға қатысуға ниет білдірген 18 адамның 13-і қазақ тілінен емтихан тапсырып, заң бойынша үміткерге қойылатын талаптарға сәйкес деп танылды.
Бүгін, 2005-жылдың 4-қазанында үміткерлерді тіркеу шарасы басталып, сайлауға 40 күн қалғанда, яғни, 2005-жылдың 24-қазанында аяқталады. Қазақстандағы кезекті президент сайлауы 2005-жылдың 4-желтоқсанына белгіленді.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта