«Шанхай ынтымақтастығы ұйымы екі доңғалаққа арқау сүйеуге тиіс. Біріншісі — барлық ұйымдардың базасы болып табылатын экономика болса, екіншісі — қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық»,- деді елші.
ҚХР елшісінің бұл пікіріне Ресейдің әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты директорының орынбасары Геннадий Чуфрин қолдап, «Қырғызстан мен Өзбекстанда кейінгі кездері болған оқиғалар аймақтық ұйым ретінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы кедейлікті жою, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын құру сынды экономикалық бағдарламаларды іске асыруға баса назар аударуға тиіс екенін айғақтап отыр»,- деді . Г.Чуфричтің пайымдауынша, лаңкестіктің түрлі көріністерімен күрестің маңызы туынды деуге болады, «ал ең маңыздысы — лаңкестік, сепаратизм және діни экстремизмнің күретамыры болып табылатын кедейлікті бірінші кезекте жою керек».
Ресейлік ғалымның пікірінше, бұл проблеманы шешу үшін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер энергетика, ортақ транпорттық магистраль құру, су ресурстарын пайдалану салаларында ынтымақтастық орнатуға тиіс.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті