Әділет министрлігі адам саудасына қатысты қылмыстар үшін жүктелетін жазаны күшейтуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрлігі адам саудасына қатысты қылмыстар үшін жүктелетін жазаны күшейтуді ұсынады

Әділет министрлігі адам саудасына қатысты қылмыстар үшін жүктелетін жазаны күшейтуді ұсынады

Әділет министрлігі адам саудасына қарсы күреске бағытталған ҚР кейбір заңнамалық актілеріне осындай қылмыстар үшін жүктелетін жазаны күшейту жөнінде түзетулер енгізуді ұсынады. Бұл туралы бүгін, 7-қазанда Астанада өткен семинар-кеңесте ҚР әділет министрінің орынбасары Серік Нұғманов құлағдар етті,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қазан 2005
  • 553
Фото - Caravan.kz



Әділет министрлігі ҚР қылмыстық кодексі, ҚР қылмыстық-процессуалдық кодексі мен ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекстеріне тиісті түзетулер енгізуді ұсынады.
Атап айтсақ, әділет министрлігі ҚР қылмыстық кодексінің 113-бабына адамның дене мүшелері мен тканьдерін заңсыз алғаны үшін жауапкершілік жүктеу, сондай-ақ, осындай қылмыстар жасағаны үшін жазаны күшейтіп, 5-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы тармақтар қосуды ұсынады. «Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі» қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес 5 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған, деді С.Нұғманов.
«Сонымен бірге ҚР қылмыстық кодексінің 128-бабына сәйкес, адамдарды жыныстық және басыбайлы болдырудың басқа да түрлеріне мәжбүрлеу үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілік аталмыш әрекеттер алдау арқылы іске асырылған жағдайда ғана қарастырылған. Ал іс жүзінде мұндай әрекеттер көп жағдайда жәбірленушілердің келісімі бойынша немесе олардың материалдық тәуелділігін пайдалану арқылы жасалады. Сөйтіп, ҚР қылмыстық кодексінің 128-бабына сәйкес заң бұзушыларды жауапкершілікке тарту мүмкін емес»,- деді вице-министр.
Қазірде «Адам саудасына қарсы күреске бағытталған ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң жобасы парламенттің қарауында жатыр.
С.Нұғмановтың айтуынша, «2003-жылы еліміздің дипломатиялық өкілдіктерінің көмегімен трафик құрбанына айналған еліміздің 24 азаматы елімізге оралса, 2004-жылы 36 адам оралды. Биылғы жылдың 7 айында осындай қылмыс құрбанына айналған 10 азамат, соның ішінде Израильден 5, Біріккен Араб Әмірліктерінен 5 адам кері қайтарылды».
«2004-жылы ұлттық қауіпсіздік органдары жыныстық қанау және құлдыққа сату үшін шетелдерге адамдарды заңсыз жіберетін 5 арнаны жапты. Олар Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облысы мен Алматыда анықталды. 2005-жылдың алғашқы жартысында адамдарды заңсыз шетелдерге жіберумен шұғылданатын 22 арнаның беті ашылды»,- деді вице-министр.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта