Оңтүстік Қазақстан облысында жол апаты салдарынан 200 шаршы метр аумаққа мұнай төгілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жол апаты салдарынан 200 шаршы метр аумаққа мұнай төгілді

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апаты салдарынан 200 шаршы метр аумаққа мұнай төгілді

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апаты салдарынан 200 шаршы метр аумаққа мұнай төгілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қазан 2005
  • 419
Фото - Caravan.kz



Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, жол апаты 8-қазанда Шымкент-Алматы айналмалы автотрассасында болған. «Жуалы мұнайбазасы» ЖШС -іне қарасты «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Көлікке әрбіреуінің сыйымдылығы 8,33 тоннаны құрайтын жанармайы бар үш цистерна тиелген болатын.
Жол апаты салдарынан 25 тонна мұнай өнімі 200 шаршы метр аумаққа төгіліп, жана бастады.
Өртті сөндірген кезде жүргізушінің өртеніп кеткен мәйіті табылды. Ал оның серіктесі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта