Алматыда рұқсатсыз митинг өткізушілердің әрекетін прокуратура арандатушылық деп бағалауда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда рұқсатсыз митинг өткізушілердің әрекетін прокуратура арандатушылық деп бағалауда

Алматыда рұқсатсыз митинг өткізушілердің әрекетін прокуратура арандатушылық деп бағалауда

8-қазанда Алматыдағы Қазақ-Британия техникалық университеті ғимаратының жанында рұқсатсыз митинг өткізушілердің әрекетін прокуратура арандатушылық деп бағалауда. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз баянында айтылған.

  • 10 Қазан 2005
  • 575
Фото - Caravan.kz



Прокуратураның түсініктемесіне сәйкес, «қалалық әкімшілік митингіні ұйымдастыруға ниет білдірушілерге орлар таңдаған жерде қалалық балалар мерекесі өткізілетіні туралы 3-қазанда құлағдар еткен. Осыған байланысты бұл жерде митинг өткізуге рұқсат берілмей, оның орнына «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы гүлзар ұсынылды». «Осыған қарамастан, прокурордың қолданыстағы заң нормаларын бұзбау туралы талабын жорта елемеген ұйымдастырушылар жиналғандарды белгіленген тәртіпті бұзып, рұқсатсыз митинг өткізуге итермеледі»,- делінген хабарламада.
Митингіге қатысушылардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Қазір кінәлі адамдарды заң аясындағы жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.
Прокуратура қала тұрғындарын «жиналыстар, митингілер мен шерулер өткізуге рұқсат беретін конституциялық құқығын Қазақстан Конституциясы мен басқа да заңдары шеңберінде, басқа азаматтардың құқығы мен бостандығын, қоғамдық тәртіпті бұзбай-ақ жүзеге асыруға шақырады»,- делінген баспасөз баянында.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта