БҰҰ сарапшылары Қазақстанның ұлттық басымдықтары Мыңжылдық Даму Мақсаттарымен сабақтасатынын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ сарапшылары Қазақстанның ұлттық басымдықтары Мыңжылдық Даму Мақсаттарымен сабақтасатынын атап өтті

БҰҰ сарапшылары Қазақстанның ұлттық басымдықтары Мыңжылдық Даму Мақсаттарымен сабақтасатынын атап өтті

"Қазақстан -2030" және "Қазақстан -2010" сынды стратегиялық құжаттарда, сондай-ақ, мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көрініс тапқан Қазақстанның ұлттық басымдықтары Мыңжылдық Даму Мақсаттарымен тығыз сабақтасады". Бұл туралы бүгін, 10-қазанда Мыңжылдық Даму Мақсаттары туралы екінші баяндаманың тұсаукесері барысында БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Юрико Шоджи мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қазан 2005
  • 945
Фото - Caravan.kz

Сарапшының пікірінше, ұлттық және ғаламдық мақсат-міндеттердің ортақтығы Қазақстанның Мыңжылдық Даму Мақсаттарына қол жеткізуінде оңды рөл атқарды.

Атап йтсақ, Қазақстан кедейлердің үлес салмағын 2004-жылы екі есе азайта алды. Мыңжылдық Даму Мақсаттары арасындағы екінші басты мақсат — халықты жаппай бастауыш білімді болдыру мақсаты Қазақстан үшін өзекті болып табылмайтынын айтқан Ю.Шоджи «халықты жаппай бастауыш білімді болдыруға сонау Кеңестік кезеңде қол жеткізілгенін» атап өтті. Сонымен бірге білім беру саласында жыныстық теңдікті сақтауды көздейтін үшінші мақсат та Қазақстанда іске асырылған. Баяндаманың қорытындысында Қазақстан үкіметі еркек пен әйелдің арасындағы теңдік принциптеріне бағынатыны айтылған.
Баяндамада республика үкіметіне әйелдерді жоғарғы мемлекеттік, саяси және экономикалық құрылымдарға белсенді өрлеутуге түрткі болатын қолайл қоғамдық-саяси орта қалыптастыруға баса назар аударуға нұсқау берді.
Баяндамаға сәйкес, сонымен бірге Қазақстан бала мен ананың өлімі, ВИЧ/СПИД пен құрт ауруының таралуы сынды проблемаларды әлі де шеше алған жоқ. Атап айтсақ, «1999-2003-жылдар аралығында Қазақстанның барлық облыстарында құрт ауруы салдарынан болатын өлімдер көрсеткіші 23-27 процентке азайғанымен, жалпы ел бойынша алғанда құрт ауруы мен оған шалдығу көрсеткіші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарынан асып түседі»,- деді Ю.Шоджи.
Сарапшылар жасаған қорытындыда атап көрсетілгеніндей, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қосымша күш жұмсамайынша және халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарта түспейінше 2015-жылға дейін 5 жасқа дейінгі балалардың өлімі көрсеткішін 65 процентке, ал ана өлімі коэффицентін 75 процентке азайту «мүмкін емес».
Экологиялық тұрақтылықтықамтамасыз ету жөніндегі жетінші мақсатты шешу үшін Қазақстанға салалық саясат негіздерін жетілдіре түсу, кез-келген салалық даму бағдарламаларын жасауда «қоршаған ортаға әсерін бағалауды» міндетті түрде ескеру, «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын пәрмендендіруге нұсқау берілді.
Ю.Шоджи «БҰҰ жүйесі тарапынан қазақстандықтардың тіршілік сапасын жақсарту мақсатын іске асыру ісінде парламент, үкімет және азаматтық қоғаммен ынтымақтастыққа дайын екенін» атап өтті.
Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов «Қазақстанның дүниежүзіндегі ең бір қарқынды дамып келе жатқан ел екенін» атай отырып, Мыңжылдық Даму Мақсаттары «күрделі болғагнымен, Қазақстан қол жеткізе алатын мақсаттар» деп атап көрсетті.
«Елімізде әлеуметтік салада ілгерілеушіліктерді жүзеге асыруға және экономикалық жетістіктерді адами әлеуетті әділетті дамытуға танформациялауға елімізде саяси шешімділік те, ресурстар да жеткілікті»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта