Сенат комитеті палатаға жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнамаға енгізілетін өзгерістерді қабылдауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат комитеті  палатаға жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнамаға енгізілетін  өзгерістерді қабылдауды ұсынды

Сенат комитеті палатаға жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнамаға енгізілетін өзгерістерді қабылдауды ұсынды

Сенаттың аймақтық даму және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комитеті палатаға "Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргізу және жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын қосымша түзетулер енгізбей-ақ қабылдауды ұсынады. Бүгін, 10-қазанда өткен комитеттің отырысында осындай шешім қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 10 Қазан 2005
  • 341
Фото - Caravan.kz

Отырысты қорытындылаған комитет төрағасы Леонид Бурлаков «комитет бір дауыстан шешім қабылдады. Заң жобасын мәжілістің нұсқасы бойынша қабылдау ұсынылып отыр», деп атап көрсетті.

Бұл мәселе бойынша тең баяндамашы Жандарбек Кәкішевтің айтуынша, заң жобасы «уақыт талабына және республиканың экономикалық ахуалына байланысты» жасалып отыр. «Мемлекет жер қойнауын пайдалануға қатысты мәселелерді мейлінше мұқият бақылауға алғысы келеді»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл құжат жер қойнауын пайдалану саласындағы құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған. Осыған байланысты «Мұнай туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңдарға өзгерістер енгізілмек.
Заң жобасындағы концепциялық ережелердің бірі ретінде жер қойнауын пайдаланушылардың иелігінен шығарылатын акциялар қоржынын екінші нарық болып саналатын биржалардан сатып алуда үкіметке басым құқық беретін норманы атауға болады. Бұл норманың ықпалын күшейту мақсатында депутаттар заңнамада аталмыш талапты орындамағаны үшін санкция қарастыруды ұсынды. Атап айтсақ, жер қойнауын пайдаланушы аталмыш шартты орындамаған жағдайда мемлекет келісім-шартын бір жақты бұза алады.
Заң жобасында сонымен бірге жер қойнауын пайдаланушыға өндіріс жұмысын тоқтатпастан газды толыққанды жарату бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өтпелі кезең қарастырылды. Бұл норма 2004-жылдың желтоқсан айынан бастап мұнайгаз кеніштерін игеруде ілеспе газды пайдалы жаратпай жағып жіберуге тыйым салынуына байланысты енгізіліп отыр. Өтпелі кезең 2006-жылдың 1-шілдесіне дейін беріледі.
Сонымен бірге қолданыстағы заңнамаға ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар елдің стратегиялық ресурстарын пайдалану жөніндегі келісім-шартына қол қоюда ғана емес, сонымен бірге аталмыш келісім-шарттарын өзгерткенде де міндетті түрде ескерілетіндігін заңдастыратын түзету енгізілді.

Перейти к новостям спорта