Орталық сайлау комиссиясы президенттіктен үміткерлерді қолдайтын сайлаушылардың қолы жайындағы хаттамаларды қабылдауда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы президенттіктен үміткерлерді қолдайтын сайлаушылардың қолы жайындағы  хаттамаларды қабылдауда

Орталық сайлау комиссиясы президенттіктен үміткерлерді қолдайтын сайлаушылардың қолы жайындағы хаттамаларды қабылдауда

Орталық сайлау комиссиясы президенттіктен үміткер Жармахан Тұяқбай мен Мэлс Елеусізовты қолдайтын сайлаушылардың қолы жайындағы хаттамаларды қабылдауда. Бұл туралы бүгін, 10-қазанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Владимир Фоос журналистерге хабарлады.

  • 10 Қазан 2005
  • 401
Фото - Caravan.kz

Алматы және Батыс Қазақстан облыстарынан Ж.Тұяқбайдың, Қостанай және Атырау облыстарынан М.Елеусізовтың жақтастарының қолдарын жинау қорытындысы туралы хаттамалар келіп түсті.

«Әзірге Орталық сайлау комиссиясына басқа облыстардағы аталмыш үміткерлерді қолдаушылардың қолдары туралы хаттама келіп түскен жоқ. Басқа үміткерлердің жақтастарынан да хаттамалар келіп түскен жоқ»,- деді В.Фоос.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы осы орайда «Сайлау туралы» заңға сәйкес президенттіктен үміткерді сайлаушылардың кем дегенде 1 проценті, соның ішінде облыстардың үштен екі бөлігінің өкілдері тең дәрежеде қолдауға тиіс екенін еске салды. Алматы мен Астаналық сайлаушылардың қолдары да міндетті түрде болуға тиіс, деді В.Фоос.

Перейти к новостям спорта