«Елімізде қазіргі заманғы қарулы күштер жасақталды, дипломатиялық күш-жігеріміздің арқасында егемендігіміз бен республиканың аумақтық біртұтастығы бекітілді»,- деді президент. «Кейінгі жылдары біз 14 мың шақырымға созылып жатқан мемлекеттік шекара сызығына қада қағып, белгілеп алдық. Бұл — қауіпсіздігіміздің ауыз толтырып айтарлықтай үлкен кепілдігі»,- деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
«Қазақстан аймақтық қауіпсіздіктің арқау-негізін қалауға белсене атсалысуда»,- деді Елбасы. «Елімізді қоршай бейбітшілік белдеуі құрылды, айналымыздағы бірде-бір мемлекет бізге жаулық пиғылда емес деп нық сеніммен айта аламыз»,- деді Н.Назарбаев.
«Ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның тұтастығы сынды алғышарттар болмайынша, мемлекетіміз тұрақты дами алмайтын еді»,- деді Қазақстан президенті.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті