Алматыда есірткі саудасын кәсіпке айналдырған бір отбасының мүшелері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда есірткі саудасын кәсіпке айналдырған бір отбасының мүшелері ұсталды

Алматыда есірткі саудасын кәсіпке айналдырған бір отбасының мүшелері ұсталды

Алматыда есірткі саудасын кәсіпке айналдырған бір отбасының мүшелері ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Қазан 2005
  • 385
Фото - Caravan.kz



Қаланың Түріксіб ауданында тұратын бұл отбасының мүшелері тайлы-тұяғымен есірткі саудасымен шұғылданғанын тәртіп сақшылары анықтады. Бұл іске отбасының 42 жастағы әйел-қожайыны жұбайымен және екі туысқанымен бірлесе жұмылған.
Үйдің әйел-қожайыны 261 грамм героин сату барысында қола түсті. Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, әйел «метадон-бомба» деп аталатын аса қауіпті есірткі түрін де сатумен шұғылданған. Полицияның түсініктемесіне жүгінсек, мұндай есірткіні тұтыну бірден өлімге әкеле алатын көрінеді.
Тәртіп сақшылары бұл үйден есірткіге қоса ірі көлемде ақша мен героиннің кезекті дозасы үшін есеп айырысқан таңбалы ақша купюраларын тәркіледі.
Отбасы мүшелері уақытша тергеу абақтысына тоғытылды. Үйдің әйел қожайыны бұған дейін де осындай қылмысқа барғаны үшін сотталған-тұғын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта