«Болашақ табыстарымызға саяси реформалардың бағдарламасы кепілдік бола алады. Бұл бағдарламаның басты мәнісін мемлекет басшысы парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жария еткені мәлім»,- деді Қ.Тоқаев.
«Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына өз мақсаттарын, соның ішінде Орталық Азия аймағындағы көздегенін жүзеге асыруына өзіндік үлесімізді қоссақ деген шынайы ықыласпен байланыс орнаттық»,- деді Қ.Тоқаев. «Сол себепті біз ұйымға мүше елдер Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009-жылы төрағалық жасауға құқық береді деп сенеміз»,- деді ол.
Қ.Тоқаев «Қазақстан алдағы уақытта да ұйыммен етене жақын байланысын одан әрі нығайта түседі», деп атап өтті. «Өйткені, ол — қоғам өмірінде демократиялық құндылықтардың үстемдік құру ісіне өлшеусіз үлес қосқан ұйым». Дегенмен, еліміздің бас дипломатының пікірінше, «барлық ұйымдармен бірдей Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы да реформалауды талап етеді. Олай дейтініміз, ұйым шеңберінде кейінгі 15 жылда осындай реформалар жүргізілмеген». «Бұрынғы Кеңестік республикалар, соның ішінде Орталық Азия елдері толық құрамда мүшелікке өткеннен кейін ұйымның болмыс-бітімі мен мән-мағынасында анағұрлым өзгерістер болды. Осыған сәйкес тыңнан туындаған қауіп-қатерлерге лайықты жауап қатуы және тиісті күн тәртібі болуы үшін ұйымды реформалау талап етіліп отыр»,- деді сыртқы істер министрі.